BI Марафон
+7 (776) 136-72-19/20 Сұрақ қою
EN RU

BI Марафон

BI Марафон

До старта осталось

Қайырымдылық

BI Marathon идеясының бастамасында адамдарға риясыз көмектесетін еркін ерікті адамдар тұр: марафонға қатысудан түскен барлық қаражаттар 2004 жылы BI Group құрылыс компаниясының  қызметкерлері құрған «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына тікелей бағытталады.

Қордың маңызды бастамаларының бірі медициналық-санитарлық жоба болып табылады. Оның аясында мүгедек балаларға отандық және Литвадан, Ресейден, Франциядан, Англиядан, Израильден, Қытайдан, Даниядан шетелдік мамандарды тарта отырып, медициналық көмек көрсетіледі. 4 жыл ішінде орталық 2500 оңалту қызметін көрсетті және 2000 кеңес берді. Қор шетелден біліктілігі жоғары мамандарды шақыра отырып, хирургиялық оталарды төлейді: 2,5 жыл ішінде қазақстандық балаларға 306 ота жасалды.

«BI-Жұлдызай» қорының оңалту орталығында осы уақыт ішінде 4-13 жас аралығындағы 40 бала алғаш рет өз бетімен жүре бастады! Сонымен қатар, жетекшілік бағдарламасы бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған 50 оқытатын мастер-класстар жүргізілді.

Астана мен Жаңаөзенде «BI-Жұлдызай» медициналық оңалту орталықтарын ашу – қордың тағы да бір маңызды оқиғасы. Орталықтарда логопед-дефектологтың, массажисттің, ортопедтің, невропатологтың, иглотерапевттің кабинеттері ашылған. Балалардың ми салы, Даун синдромы, Гидроцефалды синдром және т.б. диагнозы қойылған балалар оңалтудан өтетін емдік дене шынықтыру залы жұмыс жасайды. Білікті мамандар мен тиімді емдеудің арқасында балалардың денсаулығының жақсаруында айтарлықтай ілгерілеу байқалынады.

 Қордың неғұрлым жарқын жобаларының бірі – ерекше балаларға арналған «Жұлдызай» жыл сайынғы Республикалық балалар шығармашылығы Фестивалі. Соңғы 11 жыл ішінде 1 маусым қарсаңында астанада бүкіл Қазақстаннан жігерленген балалар жиналады. Жыл сайын жобаға қатысушылар саны артып келеді, тек алғашқы он жылдық ішінде Фестивальға Қазақстанның 16 қаласынан 10-18 жас аралығындағы 36 583 бала қатысты. Осы жылы алғаш рет финал мен гала-концерт Алматыда қаланың бас сахнасында өтеді. Алматы әкімияты жобаның бас әріптесі болып табылады.

Фестиваль – ерекше балаларды әлеуметтендіруге арналған бірегей алаңқай, олардың көпшілігі жобаның нәтижесінде еліміздегі шығармашылық ЖОО-на және орта-арнайы оқу орындарына түсті, қызығушылықтары бойынша шығармашылық топтар мен қауымдастықтар құрды.

2017 жылғы жобаның айрықша ерекшелігі Фестивальдың Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балаларды да қамтитын ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 1 Республикалық Спартакиадамен бірге басталуы болып табылады. Мини-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және «асық ату» секілді спорт түрлерінің жеңімпаздары да Алматыда өтетін финал жарыстарына келеді.

10-18 жас аралығындағы 700 бала Спартакиадаға және «Жұлдызай» фестивалінің қорытынды Гала-концертіне қатысады және 2017 жылдың 26 мамырынан 1 маусымына дейін Алматы қаласына келеді. Қорытынды концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді.

Қайырымдылық қорының қызметі туралы толық ақпарат http://www.new.zhuldyzai.kz/   сайтында.

Деректемелер:
"Жұлдызай" корпоративтік қоры
СТН 620200239511
е/а/ш KZ589261501130165000
Банк  Қазкоммерцбанк АҚ
БСН 040540008069
Заңды мекенжайы: Астана қ.,  Жансүгіров к-сі, 14/3
Нақты мекенжайы: Астана,  Бөкейхан к-сі, 24